Сіздің бауыр етіңіз балаңыз Зейнолланың қазасын естігенде не дерімізді білмей есеңгіреп қалдық. Мезгілсіз келген ажалдың тырнағына болашағынан зор үміт күттіретін аты да,заты да бөлек азаматтың ілінгені қабырғамызды қайыстырды.
Қапелімде аузымызға көңіл айтарлық сөз түспеді. Жазуға қаламымыз жүрмеді. Амал жоқ, өзіңіздің жыр-термелеріңізге жүгіндік. Себебі, заманымыздың талай заңғар тұлғаларына көңілқос жазып, қайғысын жеңілдеткен атпал азаматсыз ғой, аға.
Білгенге ажал мирас, арман қиғаш,
Пенденің екі ортаға басы сыймас.
Қайтпас жол – қараңғылық қадам басып,
Уах, дарих, кетіп жатыр небір қимас!
Өзіңіз мақамға салып, термелеткендей, қайтпас жолға қадам басқан ұлыңыздың қайғысына бүкіл Сыр елі ортақтасып, көңіл айтуда.
Тек өнерде ғана емес, өмірде де талай ауыртпалықты қайыспай арқалап, қимасынан айрылған жандардың қай-
ғы-қасіретін бірге көтеріскен өзіңізге Алла Тағала қуат пен сабыр, төзім берсін деп дұға етеміз…
Ардақты ұлыңыздың жаны жәннатта болсын!
«Сыр медиа» ЖШС ұжымы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<