Алматы маңында тағы жер сілкінді

450

0

Фото: ашық дереккөз

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 8 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 22 сағат 41 минут 18 секундта ел аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 682 шақырымда орналасқаны белгілі болды.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық санаты: 8.9
  • MPV магнитудасы: 4.2.
  • Эпиошақ координатасы: 47.61° с.е. 82.97° ш.б.
  • Тереңдігі: 15 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісіндегі карта деректеріне қарағанда жер сілкінісінің аумағы Абай облысы, Ақсуат ауданынан Қытайға қарай шамамен 100 шақырым жерде екендігін байқауға болады.Бөлісу:

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<