Алматы облысында марафон қатысушысы мәреге 15 метр қалғанда көз жұмды

778

0

Алматы облысында өткен «Tengri Ultra 2023» марафонының қатысушысы көз жұмды.

1982 жылы туған ер адам 15 шақырымдық қашықтықты еңсеріп, мәреге 15 метр қалғанда көз жұмған.

«Оқиға орнында кезекшілік еткен жедел жәрдем бригадасы интенсивті терапия жүргізген. Алайда ер адам көз жұмды. Жедел жәрдем тек 10 минуттан кейін жеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі спорттық шара барысында жедел жәрдем қызметі тәулік бойы кезекшілік еткен», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ультрамарафон Іле өзені бойында өткен. Қатысушылар 1, 3, 15, 35, 50 және 100 шақырымдық қашықтықты таңдапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<