Алматыда Кеңсай зираты тоналды. Тәртіп сақшылары қола құлыншақты іздеп жатыр

508

0

Алматыда Кеңсай зираты тоналды. Атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетов пен композитор Ғазиза Жұбанованың бейітін тонағандарды ұстауға Алматы полициясы бар күшін жұмылдыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше күн бұрын атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетов пен композитор Ғазиза Жұбанованың немерелері марқұмдардың қабіріндегі ескерткіштің жоғалғанын хабарлаған. 100 гектарды алып жатқан Кеңсай зиратында бұған дейін де ұрлық болған. Бұл жолы қарақшылар халық әртістерінің қабірін тонап кетті. Қылмыс қашан жасалғаны әзірге белгісіз, бірақ жиіркенішті әрекет режиссер Әзірбайжан Мамбетов пен композитор Ғазиза Жұбанованың немерелері дабыл қаққанда ғана мәлім болды. Марқұмдарға Құран бағыштауға келгенде бейіттегі қоладан құйылған құлыншақ көрінбеген. Қола құлыншақтың жоғалуына байланысты қозғалған қылмыстық іс ІІМ бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тоналған қабірде ерлі-зайыпты Мәмбетов пен Жұбанова және олардың 3 жасында көз жұмған Ахан есімді ұлы жерленген. Марқұмның туыстары бұл бейіт бұрын да тоналып еді, – дейді. Ол кезде құлыншаққа тимеген, алайда марқұмдардың тас ескерткішін сыпырып кеткен. Бұл деректі зират күзетшілері де жасырмады.  

«Иә, ол кезде ұрыларды таппады. Өздері қалпына келтірді. Біз ол күні ештеңе байқамадық, кейін ұрлық болғанын білдік. Жан-жақтың бәрі ашық. Осы жерде ғана қоршау бар. Артқы жақтың бәрі үйлер. Кез келген адам кіре алады», – деді зират күзетшісі Жасұлан Ордахан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<