Алматыда метро жұмысы қайта жанданды

468

0

Фото: Алматы метрополитені

Алматы метрополитені сағат 16:30-дан бастап жұмысын жалғастырды. Қазір штаттық режимде істеп тұр, деп хабарлады Қазақпарат.

«Төтенше жағдай кезіндегі жұмыс жоспарына сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізді, метро аумағында ешқандай бұзылған тұс болмаған», – деп хабарлады Алматы әкімдігінен.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев баспасөз мәслихаты барысында, метро халықты жинайтын және қабылдайтын орын емес екенін атап өтті.

«Кез келген жер сілкінісі кезінде тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелері тоқтатылады – газ беру өшіріледі, электр энергиясы ажыратылады және сәйкесінше метро да тоқтатылады», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы брифингте.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<