ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 16 қазан күні 21 сағат 17 минут 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 167 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 8.4.
MPV магнитудасы – 3.5.
Координаттары: 41.69° с.е. 83.04° ш.б.
Тереңдігі – 5 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<