Қызылордалықтарды заңсыз ойынға қосқан

468

0

Фото: ашық дереккөз

Алматылық әйел Қызылорда қаласында ойын ұйымдастырған. Бұл мақсатта Қазыбек би көшесінен көп қабатты үйден бөлмелерді жалға алған. Ол бірнеше ай заңсыз ойын ойнатып, ірі көлемде пайда тапқан. Аталған заңсыз істі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері анықтады.

«Тиісті мамандар бухгалтерлік және қаржы-бюджеттік сараптамалар жүргізді. Нәтижесінде заңсыз ойын бизнесінен оның 8 млн 190 мың теңге тапқаны белгілі болды. Азаматша У.А. ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлігі 3-тармағымен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<