Осы жылдың 6 ай көлемінде ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлері барлығы 57 аудиторлық іс-шара жүргізді. Айта кетейік, аталған департамент қарауына өтініштер мен шағымдар көптеп түседі. Олардың дені мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша және еңбекақы есептеу, құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарға қатысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев мәлімдеді.
– Өздеріңізге белгілі, Ішкі мемлекеттік аудит органдары – Мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына бақылау жүргізетін уәкілетті орган. Департамент тарапынан мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы барлығы 57 нұсқама жолданып, оның 36-сы толығымен орындалса, қалған 21 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген, яғни, алдағы уақытта олардың толық орындалуы қатаң бақылауға алынатын болады. 2024 жылдың І жартыжылдығында білім беру ұйымдарында артық еңбекақы аудару және нақты жұмыс жасамайтын тұлғаларға еңбекақы есебінде ақша қаражаттарын аудару бойынша анықталып, соның негізінде 3 мемлекеттік аудит материалдары құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды, – деді департамент басшысы.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<