Бүгін, аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №623 Жарлығы бойынша жалағаштық бірқатар аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградасын табыстады.
«Алтын алқа» иегері атанған, өмірлері өнегемен өрілген алтын құрсақты аналардың қатарында Мырзабай ахун ауылынан Анар Жакупова, Қаракеткен ауылынан Сәбира Серікбай, Есет батыр ауылынан Айзат Сағызбаева болса, Жалағаш кентінен Нұргүл Сарымбетова, Еңбек ауылынан Гүлшат Қуаңбаева, Аққыр ауылынан Үміт Әбілдаева, Жаңаталап ауылынан Кенжегүл Серәліқызы «Күміс алқа» иегері атанды.
Айта кету керек, қазіргі таңда ауданымызда 1382 көпбалалы отбасы есепте тұрады. Көпбалалы ана, наградталғандар саны – 1018. Оның ішінде 44 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталса, Кеңестер одағының «Батыр ана» атағына ие болған аналар саны 40. Бүгінгі күнге дейін көпбалалы аналарымыз 304 «Алтын алқа» және 637 «Күміс алқа» иегерлері атанды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<