Қызылордада ломбардқа ұрлыққа түскен кезекті қылмыстық топ құрықталды. Айғақ заттар тәркіленді. Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз адамдар тобы қала орталығында орналасқан ломбардтардың біріне ұрлыққа түсккен.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел–іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа күдіктелген екі қала тұрғыны құрықталды. Айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар, оның ішінде 125 дана алтын сақина, 22 дана алтын алқа, 7 дана алтын білезік, 3 алтын сағат, 1 дана үлкейткіш әйнек және ноутбук тәркіленді.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның басқа да мән – жайлары анықталуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<