Витебскіде бір жарым жасар бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БелТА агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу комитетінің мәліметтері бойынша, Витебск қаласындағы Интернационалист -жауынгерлер көшесіндегі пәтерде бір жарым жасар бала ағаларымен ойнап жүрген.
Шамамен сағат 19.00-де ол терезенің бекітілмеген қанатын ашып, москит торына сүйенген. Тор оны ұстап тұра алмады – бала алтыншы қабат терезесінен құлап кетті», – деді Тергеу комитетінен.
Сәбидің анасы оқиғадан сәл бұрын басқа бөлмеге кеткен болып шықты. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
Жедел-тергеу тобы оқиға болған жерді қарады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, жәбірленушінің ата-аналары сұралды. Отбасының әлеуметтік жағдайы тәуір екендігі және оң сипатталатындығы анықталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<