Қытай ғалымдары коронавирус инфекциясының қандай арақашықтықта тарайтынын анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Российская Газета» басылымына сілтеме жасап.
Зерттеу қорытындысы Emerging Infecious Diseases журналында жарияланған.
Баяндама бойынша, коронавирус ауада 4 метр арақашықтықта орнын ауыстыруы мүмкін. Бірақ ғалымдар «індеттің аэрозоль бөлшегі адамға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап таппаған.
Қазіргі таңда әлем елдері қауіпті індеттен сақтану үшін 1,5-2 метр арақашықтықты сақтайды.
Сондай-ақ ғалымдар медицина қызметкерлері аяқкиімінің табаны да коронавирус тасымалдаушысы екенін анықтаған.
Сонымен қатар, олар COVID-19 вирусы компьютердің тінтуірінде, ауруханадағы қоқыс жәшігінде, төсектің шетінде болатынын анықтапты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<