Алғыс айту күнін әлем елдері қалай тойлайды?

1043

0

Алғыс айту күнін әлем елдері қалай тойлайды? Әлемде мұндай даталы күндер бар. Бірақ әр ел аталған мейрамды әр кезде тойлайды. Бірақ барлығының мақсаты – ортақ, ол –береке мен бірлік, адамдардың бір-біріне деген құрметі, ризалық сезімі.

Жалпы ризалық сезімін білдіру күні әлемде ағылшындардан бастау алды деген де дерек бар. Олар алғаш рет Америка құрлығына аяқ басқанда өздері танып білмеген жерге үйренісуі қиын болды. Жергілікті үндістерді аяусыз қырғанмен, солардың арқасында өздері аман қалғанын кейін мойындады. Отарлаушы елдің Америкаға келген алғашқы губернаторы У. Брэдфорд 1621 жылы 90 үндіс пен тайпалардың көсемін жинап, оларға рахметін айтты. Өйткені осы жылы халықтың тұрмысы өте ауыр болып, аштыққан зорға шыққан халықтың көңіл күйін көтеру үшін губернатор Алғыс айту күнін белгілейді. Бұл әрекет осыдан кейін тұрақты дәстүрге айналып, Америка жеріне келген ағылшындар үндістердің басын қосып, жыл сайын күзде рахмет айтатын болды. Ал кейінірек АҚШ тұңғыш президенті Джордж Вашингтон 26 қарашаны ұлттық мерекеге айналдырып, Алғыс айту күні деп белгіледі. 1941 жылы АҚШ конгресі арнайы заң қабылдап, әр жылдың 4 қарашасын арнайы мереке етіп белгіледі. Содан бері АҚШ жұртшылығы осы мейрамды салтанатты жағдайда тойлап, атап өтіп келеді. Жалпы бұл ұлттық мерекеге АҚШ президенттері де мән береді. 

Бұл күні негізінен америкалықтар түйе тауықты құрбандыққа шалады. Алғашынша бұл мерекеге сиыр сойылғаны дұрыс деп тапқан. Ақырында бұл фермерлерге үлкен шығын әкеледі деген себеппен түйетауық құрбандыққа шалынатын болған. Оның үстіне ең алғаш бұл мереке тойланған кезде Америкаға аяқ басқан отарлаушылар төрт түйетауықты атып жеген деседі. Өткен жылы Барак Обама президент болып тұрған кезде Ақ үйдің ауласына екі екі түйетауық әкелінген. Бірақ экс-президенттің екі құсқа мейірімі түсіп, қанаттыларды Вергиниядағы технологиялық университеттің студенттерінің қарауына жіберілген. Жалпы бұл күні америкалықтар дәмді етіп пісірілген түйетауықты дастарханға қойып, бір-біріне құрметін білдіреді.

Ал канадалықтар бұл мерекені жыл сайын 2 қазан күні атап өтеді. Алғаш рет бұл мейрамға 1578 жылы егін-терім жиналған шақта құрмет білдірілгені рас. Кейіннен бұл уақыттың тым кеш екені ескеріліп, ол бүгін аталып жүрген кез 2 қазанға ауыстырылды. Бұл мейрамның да америкалық үрдістен айырмашылығы жоқ. Астықтың орылып, бидайдың жиналған уақыты канадалықтар үшін үлкен той, мереке. Мұны олар «еңбектің нәтижесі» деп ұғады.

Қытайлықтардың да бұл мерекені атап өтуі ерекше. Қытайлықтар үшін алғыс айту мерекесі қыркүйек айының соңы мен қазанның ортасы болып есептеледі. Тіпті кейде мұны «күз ортасындағы фестиваль» деп те атайды. Жиын-терім маусымының аяқталғанына қуанып, олар қуаңшылық болдырмай, астықты жинап алғаны үшін Айдаһарға алғыс сезімін білдіреді. Қытайлықтар бұл мерекені отбасында ғана емес, тұтас деревня болып тойлайды. Балаларын әдемі киіндіріп, шеруге шығарады. Сосын кешкілік Айға қарап, келешек күннен жақсылықтың болуын тілейді.

Ал жапондықтар Алғыс айту күнін күзде, 23 қарашада саланатты жағдайда атап өтеді. 1948 жылы екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп, қалжыраған жапон билігі бүкіл бақ та, жақсылық пен дәулет те, тек еңбек арқылы келетінін халыққа олсылай ұғындырған. Сөйтіп, күріш жиналған қара күздің 23 қарашасын «Еңбек күні» немесе Алғыс айту мерекесі деп жариялаған. Содан бері осы күні Күншығыс елінің тұрғындары 23 қарашада еңбектің құдыреттілігі туралы айтып, бір-біріне алғыс сезімін білдіреді.

Бірақ Алғыс айту күнін тұтас мемлекет емес, бір қала тұрғындары ғана тойлайтын елдімекендер бар. Мысалы, Голландияда Лейлан қаласы тұрғындарының бұл мерекеге құрметі ерекше. Себебі, Америка жеріне алғаш аяқ басқандардың қатарында Лейлан қаласының байырғы тұрғындары да болған. Сондықтан ежелгі Америка жерін көріп келген Лейланның қарапайым тұрғындары осылай Алғыс айту күнін өз шаһарында да тұрақты өткізіп, дәстүрге айналдырып жіберді.

Міне, әр ел өзінше тойласа да, мұның мән –мағынасы, тағылым алар тәрбиесі жетерлік. Сондықтан бір-біріңізге алғыс атып, құрметпен қарап жүргеннің артығы жоқ…

Дереккөз: Айқын

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<