2023 жылғы 17 наурыз, Алматы қ. – AM Best агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 16 наурыздағы ресми мәлімдесінде «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+» – ден «B++» – ге дейін, сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bbb –» – ден «bbb» – ге дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты».
Компанияның ұзақ мерзімді рейтингтері рейтингтердің халықаралық классификаторы бойынша Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру компаниялары арасында ең жоғары болып табылады.
Рейтингтің жоғарылауына Компанияның соңғы жылдардағы сенімді инвестициялық кірістілікпен қамтамасыз етілген операциялық көрсеткіштерінің жақсаруы ықпал етті. Сонымен қатар, 2022 жылы Компания меншікті капиталдың кірістілігін 2021 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға (21,8пайыздан 35,6 пайызға дейін) ұлғайтты. Бұл көрсеткіштің бес жылдағы орташа өлшенген мәні (2018-2022) шамамен 31% құрады.
AM Best болашақта Компания өмірді сақтандыру және аннуитеттер портфелінің өсуіне, сондай-ақ өзінің операциялық шығындарын қысқарту үшін қабылдайтын іс-қимылдар салдарынан жоғары операциялық нәтижелерді көрсетуді жалғастырады деп күтеді.
Сонымен қатар AM Best сарапшылары өсу жоспарларын қолдау үшін пайданы жеткілікті көлемде ұстауға мүмкіндік беретін сенімді операциялық нәтижелер мен дивидендтік саясатқа негізделген Компания капиталының жеткіліктілігін жоғары деңгейде бағалайды. AM Best, болашақта Компания капиталының жеткіліктілігі осы деңгейде сақталады деп болжайды.
«Біз беделді халықаралық агенттіктің біздің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін өте қуаныштымыз. Халықаралық агенттіктің қабылданған рейтингтік әрекеттері Компанияның дұрыс стратегиялық бағытты ұстанғанын және оның тиімділігін тағы да растай түседі. Бұл жоғары баға Компанияның ішкі нарықтағы қатысуды кеңейтуге, сондай-ақ Компанияның клиенттер базасын ұлғайтуға қосымша әсер етеді деп санаймыз. Жоғары рейтингтер Компанияның нарықтағы мықты жайғасымын әрі өз міндеттемелері бойынша жауап беруге қабілеті жоғары екенін көрсетеді», – деп түсіндірді Басқарма Төрайымы Жанар Жұбаниязова.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Компания қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында барлық қаржылық көрсеткіштері бойынша көшбасшы болып табылады. Сақтандыру сыйақылары бойынша нарық үлесі 33 пайыз, активтер бойынша – 31 пайыз, меншікті капитал мөлшері бойынша – 32 пайыз, таза пайда бойынша 27 пайыз көлемінде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<