Еліміздегі су басуға байланысты орын алып отырған табиғи апат республиканың көптеген облыстарындағы тұрғындарды қатты әбігерге түсіруде. Бұл жөнінде ресми ақпарат беруші БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерден ақпараттанып отырмын.
Бүгін ел Президенті аймақтардағы табиғи апатқа қатысты үндеу жариялады. Президентінің елді табиғи апаттан құтқаруға және еліміздегі ұлттық саясатты насихаттауға қатысты ауызбіршілікке шақырды.
«Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес» – деді мемлекет басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<