Аманөткел ауылдық округінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 131,3 млн.теңге болатын 3 көшенің автомобиль жолдарына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарды «Қазалы Жолшы» ЖШС мекемесі жүзеге асырды.
Аманөткелдік тұрғындар ауыл ішіне тақтайдай тегіс жол төселгендігіне ризашылығын білдіріп, аудан әкімдігіне алғыстарын жаудырды.
Айта кетейік, алдағы уақытта елдімекендегі өзге де көшелерге «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба дайындалуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<