Америка кубогы-2024: Месси бастаған Аргентина құрамасы алғашқы матчта жеңіске жетті

371

0

Фото: ашық дереккөз

АҚШ-та футболдан Америка кубогының ашылу матчы өтіп, қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы Канаданы жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кездесу Американың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz стадионында өтіп, 2:0 есебімен қазіргі Кубок иегерлерінің пайдасына аяқталды. Есепті екінші таймның басында «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Хулиан Альварес (49) ашты. Тек соңғы 45 минуттың соңына таман Лионель Скалони шәкірттері есеп айырмасын арттыра алды – 2:0.

Екінші голды италилық «Интердің» шабуылшысы Лаутаро Мартинес (88) соқты, команда капитаны Лионель Месси ассист жасап берді. 8 дүркін «Алтын доп» иегері үшін осы матч Америка кубогындағы 35-кездесу болды, бұл турнирдегі абсолют рекорд.

Айта кетейік, Америка кубогы 21 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 4 топқа бөлінген 16 команда қатысуда. Турнирдің қазіргі жеңімпазы соңғы рет финалда Бразилияны жеңген – аргентиналықтар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<