Фото: ашық дереккөз
Балаларға арналған әлемдегі ең беделді ойын-сауық брендінің бірі Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Әлемдік супер жұлдыздармен қатар, Nickelodeon Kids’ Choice Awards марапаттарын аймақтық номинацияларда әлемнің түрлі елдерінен қатысқан инфлюенсерлер де алды. Осы жылы аталмыш жүлденің тарихында алғаш рет «Сүйікті қазақстандық инфлюенсер» номинациясында дауыс беру жүргізілді.
Жүлдегер ретінде Әмина Малғаждар (Аминка Витаминка) танылды. YouTube желісінде Аминканың жұмысын 5,52 миллион адам бақылайды, ал оның Instagram парақшасында 1,3 миллион оқырманы бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<