Аналар ардақталған күн

441

0

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде алғаш рет Аналар күні ресми түрде бекітілді. Мереке облыста да кеңінен атап өтілді.

«Анаға тағзым» орталығында өңірдің барлық аудандарынан келген 30-ға жуық алтын құрсақты аналар бас қосты. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов қатысты.

– Тәуелсіз Қазақстанның толайғай табыстары мен Сыр өңірінің бүгінгі қол жеткен жетістіктерінде аналардың үлесі зор. Қымбатты аналар, сіздер бала тәрбиесімен қатар еліміздің дамуы жолында еңбек етіп, әрқашан иба мен ізеттің, парасат пен пайымның, мейірімділік пен ізгіліктің ұйытқысы болып келесіздер. Қазіргі таңда облыста 141 мыңнан астам отбасы бар. Оның ішінде 48 мыңнан астамы  көпбалалы аналар болса, 17 мыңға жуығы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері. Бұл – біздің байлығымыз, – деді басқарма басшысы.

Өнегелі басқосуда 82 жастағы Батыр ана, әжелер ансамблінің мүшесі Балай Есекеева, білім саласының ардагері, «Алтын алқа» иегері Жақсыгүл Сыздықова, 34  жастағы 7 баланың анасы Майра Мирғалиқызы жылы лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін айтты.

Мерекелік шарада аналарға облыс әкімінің құттықтауы мен сыйлық табысталды. Кеш соңы әдемі ән-жырға ұласты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<