Аналар кеңесі “bauyrsak party” ұйымдастырды

151

0

Фото: облыстық ҚХА

 Наурызнама онкүндігінің Жаңару күнінде, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері қаламызда тал егу акциясы аясында “Bauyrsak party” шарасын ұйымдастырды.

“Bauyrsak party”-да Аналар кеңесінің мүшелері халықты бірлікке, татулыққа шақырып, қала тұрғындары мен тал егу акциясына қатысушыларға ыстық бауырсақ пен ағарғаннан дәм татқызды.

Бұл керемет мейрам тек ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып қана қоймай, елдің ырыс-берекесін көбейтетін, барлық қазақстандықтар арасында достық пен түсіністікке негізделген бірегей бастама болды.

-Наурыз мейрамы – жаңа өмірдің бастауы, жыл басы! Баршаңызға бақыт, бейбітшілік және молшылық тілейміз,- деді Аналар кеңесінің мүшелері.

Аналар кеңесі “bauyrsak party” ұйымдастырды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<