Аналарды төл мерекемен құттықтады

293

0

Фото: Арал ауданының әкімдігі

Көктем айының шуаққа толы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аудан ардагерлерімен бірге бірқатар асыл жанды арулардың отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы алдымен 39 жастағы мүгедектігі бар бала күтуші Гүлмира Байменованың шаңырағын ат басын бұрды. Өз кезегінде аяулы ана құрмет көрсеткен аудан басшысына шынайы ризашылығын білдірді.

Одан әрі, 82 жастағы жалғызбасты қарт әже Назду Керімованы төл мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі А. Оңғарбаев өз сөзінде «Қарттарымыз қазынамыз. Біз әрдайым сіздердің еткен еңбектеріңіз бен ел үшін жасаған қызметтеріңізді жадымыздан шығармаймыз. Бүгінгі өздеріңіз арқылы барша ауданның ақжаулықты аналары мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаудамыз»,- деді.
Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген ардагер ана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Мұнан соң, І топ мүгедектігі бар Несіпбике Жақсыбаеваның үйіне барған аудан басшысы ардақты жанға ыстық ықыласы мен жылы лебізін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<