«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі Аң аулау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде 2023 жылғы 15 шілдеден бастап 2024 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін аулауды өткізу мерзімдерін назарларыңызға ұсынады.
Аң аулауды өткізу мерзiмдерi
Жануарлар түрлері | Аң аулау мерзiмдерi |
Су тышқан (ондатра) | 2023 жылғы 1 қазан – 2024 жылғы 15 ақпан |
Қарсақ, түлкі, қоян (ақ қоян, ор қоян) | 2023 жылғы 1 қараша – 2024 жылғы 15 ақпан |
Құм қоян | 2023 жылғы 1 қараша – 2024 жылғы 31 қаңтар |
Бөдене, кептер, түркептер | 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау) |
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ | Қызылорда облысында қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін. (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз – 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі) |
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, далашiлi, сақалдышiл), шіл | қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қарашаға дейін |
Борсық | 1 қыркүйектен – 15 желтоқсанға дейін |
Қабан | қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 31 желтоқсан |
Кекiлiк | 1 қазан – 15 желтоқсан |
Қырғауыл | 1 қараша – 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 1 қазаннан бастап) |
«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<