Ғани Мұратбаев мемориалдық музейінің ашылғанына – 50 жыл толу мерекесіне орай, Қазалы ауданында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, облысқа белгілі қолөнершілердің және Қазалы аудандық «Жас прожект» жобасы аясында жұмыс жасайтын шеберлердің көрмесі болып өтті.
Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы музейлердің рөлі» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция отырысы да өткізілді. Конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен ұлт руханиятына өз үлестерін қосып жүрген профессор-ғалымдар, қолөнер шеберлері қатысты.
Ғалымдар өздерінің баяндамаларында музейдің қоғам өміріндегі ерекшелігіне тоқталды.
Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар ғалымдар мен қолөнер иелеріне аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Көздің жауын алар әдемі, қазақи дүниелерін қалың көпшілікке тарту еткен қолөнер шеберлеріне аудан халқы өздерінің алғыстарын жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<