Қақпа алдында кездесу іс – шарасы өтті

859

0

Қақпа алдында кездесу іс – шарасы өтті Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында ЗК-169/5 мекемесінен З.Каубасовты шығарып салу шарасы өтті.
Шараға Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметкері және Қызылорда қалалық пробация қызметкері, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі, «Арылу» қоғамдық қорының өкілдері шақырылды.
«Қақпа алдында кездесу» аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Босатылушы соттталған З.Каубасовқа босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берілді.
Сонымен қатар, босатылушы З.Каубасов мекеме әкімшілігіне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Р.Альтаева,
аға инспектор, 
әділет майоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<