Ақпараттық насихаттық топ Сексеуіл кентінде

420

0

Бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық насиxаттық тобы Арал ауданы, Сексеуіл кентінде №231 орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге кент тұрғындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар қатысты.

 Жиын барысында сөз алған ақпараттық насихаттық топ жетекшісі, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев облыстық ассамблеяның құрылымдары мен мақсаты төңірегінде сөз қозғаса, «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Сәулет Саxиев «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» жайында баяндама жасады.  «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Айбек Дайрабай толеранттылық, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық жөнінде келелі ойларын ортаға салды.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<