Апостиль дегеніміз не?

1184

0

            Азаматтардың заңды мүдделері, бостандықтары және құқықтарымен байланысты көптеген мәселелерді шешу сот органдарының негізгі міндеті болып табылады.

            Апостиль дегеніміз-бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.

            Апостиль қоюшы адамдар-апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.

            Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага конвенциясына мүше-елдердің аумағында қолдануға арналған апостиленетін құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыс ресімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.

            Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі.

            Апостиль қою туралы өтініш «Сот кабинеті» сервисіне түсіп, онда өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетiлгенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

            Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төленеді (бұдан әрі – ЭҮТШ).

 Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін келесі құжаттарды ұсынады:

      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;

      4) егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхаттың болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткен жағдайда оны растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін  келесі  құжаттар ұсынылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;

      2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірген);

      3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі) (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

      порталда – 1 (бір) жұмыс күні;

      облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 1 (бip) жұмыс күні;

      басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 5 (бес) жұмыс күні;

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 10 (он) жұмыс күні.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді.

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты уақыты – 15 (он бес) минут.

            Апостиль қоюдан бас тартылса себептері жазбаша түрде көрсетіле отырып, негізделген бас тарту беріледі.

А.Кайбалдиева, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<