Апостиль – ресми құжаттарға қойылады және құжатқа қол қойған уәкілетті тұлғаның қойған қолының туралығын және құжатқа басылған мөрдің түпнұсқалылығын куәландыратын арнайы мөртаңба. Апостиль құжаттардың түпнұсқалылығына, нотариаттық куәландырған көшірмелерге, аудармаларға қойылады.
Бүгінгі таңда Гаага конвенциясына қоыслағн мемлекеттер шынайылығына қандай да бір қосымша куәландыру талап етпей қатысушы елдеердің аумағында берілген, апостиль қойылған құжаттарды қабылдау міндеттелді.
Апостиль Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, лауазымды тұлғалары немесе нотариустарға берген құжаттарға басылады.
Қазақстанда апостиль келесі құжаттарға басылмайды: Қазақстан Республикасының шетелдегі консуль мекемелері немесе елшіліктер берген, Коммерциялық не кедендік операцияларға қатысы бар құжаттарға.
Апостиль басу үшін келесі құжаттар ұсынылу қажет: апостильдеу талап етілген құжат, жеке куәлік, апостильдеу уәкілетті тұлғаға берілсе сенімхат, баж алынғандығы туралы түбіртек.
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай – ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін толық электрондық нысанда көрсету бойынша пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу іске асырылуда.
«Е – Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда қызмет алу үшін тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, портал арқылы өтініш береді.
Апостиль қою үшін ұсынылған құжат сканерленген құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді.
Электрондық апостиль қою үшін ұсынылатын сканерленген құжат түпнұсқаға дәлме – дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулерге немесе мәтінді шимайлауға болмайды.
Құжаттарға апостиль қою үшін баж салығы төленеді. «Е – Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы электронды қызметті халықтың көңілінен шығатынына сеніміз мол.
Е.Тажикенов,
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы бақылау
бөлімінің басшысы





