«Апостиль» мөртаңбасын қою Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде қолданылады. Яғни, апостиль – бұл заңдастырудың осы түрін мойындайтын елдердің аумағында ұсыну үшін құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны.
Бүгінде «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін толық электрондық нысанда көрсету бойынша пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу іске асырылуда.
Апостиль – құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және оның өкілеттіктерін растайтын, сондай-ақ осы құжатта бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын қағаз түрінде немесе электрондық нысанда куәландыратын арнайы мөртаңба болып табылады.
«Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай мұрағатын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Бұл ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда қызмет алу үшін тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, портал арқылы өтініш береді.
Апостиль қою үшін ұсынылған құжат сканерленген құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді).
Электрондық апостиль қою үшін ұсынылатын сканерленген құжат түпұсқаға дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулерге немесе мәтінді шимайлауға жол берілмейді.
Өтінішті және қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
Қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары талаптарға сәйкес келген жағдайда, қызметті беруші апостильдеуге жататын электрондық құжатта Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭҮШ арқылы қызметті алушының «жеке кабинетіне» порталға жібереді.
Электрондық апостильдің астында қызметті берушінің электрондық парағының мекенжайы (веб-параққа сілтеме) көрсетіледі. Электрондық тіркелімде электрондық апостиль қойылатын құжаттар бойынша тіркеу жүргізіледі.
Апостиль мөртаңбасының нысанынан тыс жерде төменде «Осы апостиль қол қоюшының қолының, лауазымының/атағының түпнұсқалығын және құжатқа қойылған мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады және ол қойылған құжаттың мазмұнын куәландырмайды» деген мәтін көрсетіледі.
Электронды қызметтің қазіргі таңда қай салада болса да өзінің оң нәтижелерін бере бастағанын ескерсек, «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі де алдағы уақытта халықтың көңілінен шығатынына сеніміз мол.
А.Жақсылық,
Қызылорда облысы
әділет департаментінің
бас маманы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<