Апостиль қою мәселесі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет

8

0

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2020 жылдың 27 мамырында №58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және де өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы біріңғай Қағидалардың» талаптарына сәйкес өтініштер мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады.

2025 жыл барлығы 1383 өтініш келіп түсті, 1298 апостиль қойылды, 78 бас тарту, 7 кері қайтару болған.

Оның ішінде:

– мемлекеттік корпорациясы арқылы 782 өтініш түскен, 767 апостиль қойылды, 8 бас тарту, 7 кері қайтару болған.

– веб-порталы арқылы 601 өтініш түскен, 531 апостиль қойылды, 70 бас тартылды.

2025 жылы 1383 келіп түскен өтініштер ішінде қағаз түрінде 56,6 пайыз, электронды түрде 43,4 пайызды құрап отыр.

Келіп түскен құжаттардың басым бөлігі Италияға – 380, Түрік Республикасына – 142, Корей Республикасы – 580 мемлекетіне ұсынылатындығы көрінеді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Гаага Конвенциясына қатысушы 59 елдерінде электрондық апостиль іске асырылды.

Апостиль қою үшін Қазақстан Республикасы «Салық кодексінің» талаптары негізінде айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыздық мөлшерінде өндіріледі.

2025 жыл қорытындысымен Қазақстан Республикасының Елшіліктерінен келіп түскен 32 құжатқа апостиль қойылды.

Бүгінде «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін толық электрондық нысанда көрсету шеңберінде мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде.

«Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған.

Е-Апостиль электрондық мемлекеттік қызметін ұсыну бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасына 41 түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.

Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету болып табылады.

А.Жақсылық,

Қызылорда облысы әділет департаментінің

бас маманы