Апостильдеу туралы құқықтық насихат

962

0

Сурет: https://espanarusa.com/

Әбір азаматтың өз құқықтарын білуі – ең басты құндылықтардың бірі. Алайда, әртүрлі салада, әркімге түсінікті бола бермейтін кәсіби терминдік сөздер бар. Көпшілік осыған келгенде қиындықтарға кезігіп жатады. Сондай терминнің бірі құқық саласында қолданылатын – апостиль сөзі.

Мұны қарапайым тұрғыда түсіндірсек, ол – құжатқа қол қойған тұлғаның қолтаңба түпнұсқалылығын куәландыру және оның өкілеттіктерін растау, сондай-ақ осындай құжат бекітілген мөрдің немесе мөртабанның түпнұсқалылығын растау.

Негізі апостильдеудің маңыздылығы не? Осы жөнінде ауқымдырақ айтып өтпекпіз.

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады.

Гаага конвенциясы дегеніміз бейтарап елдердің құқы мен міндеттерін белгілеу және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі көпжақты халықаралық келісім екенін білеміз.

Сол конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.

2001 жылғы ҚР Үкіметі апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде бірнеше мемлекеттік органдарды  арнайы қаулымен белгілеген.

Олардың қатарында – ҚР Әділет, Білім және ғылым, Ішкі істер, Қаржы, т.б. министрліктер, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және басқалар бар.

Сонымен, апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны.

ҚР Президентінің 2010 жылғы 3 желтоқсандағы №1093 Жарлығымен бекітілген ҚР Жоғарғы Сотының Жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) туралы Ережеге сәйкес, департамент сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға ҚР-ның заңнамасына сәйкес апостиль қою функцияларын жүзеге асырады. 

Тұлғалар тарапынан консулдық легализация немесе апостиль керек екенін қалай білуге болады деген сұрақ туындауы да мүмкін.

Егер ел 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылса,  «апостиль» мөртабаны немесе консулдық заңдастыру қажет. Заңдастырылған құжат ұсынылатын ұйым шынайы ақпарат көзі болып табылады, себебі бір мемлекет шеңберінде түрлі органдар шетел құжаттарын заңдастыруға түрлі талаптар қояды. Сондықтан заңдастырылған құжат тапсырылатын органда заңдастыру түріне қойылатын талаптарды нақтылау қажет болады.

Егер құжат дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие.

Сондай-ақ, заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында (жуырда Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының құрамына кірді), бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

Алмагүл НҰРЛЫБАЙ,

Қызылорда қалалық сотының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<