Апта ағымы

57

0

Фото: ашық дереккөз

(11-15 қараша)

9 айда атқарылған жұмыс сараланып, алдағы міндеттер пысықталды

Апта басында «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалымен жиын өткізді. Онда ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді пысықтады.

Жиында партияның облыстық, қалалық және Арал, Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған аудандық филиалдарының, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мен партиялық бақылау комиссиясы жұмысының есебі берілді.

Партия Хатшысы жалпы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да партия филиалына Сайлауалды бағдарламаның орындалуын қатаң бақылауға алу, депутаттық фракция жұмысын жетілдіріп, партиялық жобалар, қоғамдық қабылдау, ақпараттық жұмыстарды күшейту секілді бірқатар міндеттер жүктеді.

«Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облысы бойныша Сайлауалды бағдарламасында  өңірде қосымша әуе бағыттарды, оның ішінде халықаралық бағыттарды ашуға, транзиттік әлеуетті, жолаушылар мен жүк ағынын ұлғайтуға, ішкі туризм мен сауда жалпы экономиканың дамуына септігін тигізетін Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының  салынуына ықпал етуді жоспарлаған болатын.

Жоспар орындалды. Апта барысында жаңа терминалдың  салтантты ашылу өтіп, оған Мемлекет басшысының тапсырмасымен  Премьер-министр Олжас Бектенов қатысты.

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жоғары стандарттарына сәйкес келетін Қорқыт Ата әуежайының жаңа  терминалы бұл – әуежайдың өткізу қабілетін 7 есеге, жылына 300 мыңнан 2 миллион жолаушыға дейін арттыратын болады. 

«Мiras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы шиелі ауданында өтті

Партияның облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесі Шиелі ауданында көшпелі отырыс өткізіп, аудандағы тарихи-мәдени нысандардың жай-күйі мен ұрпақ тәрбиесін талқылады.

Көшпелі жиын алдында кеңес мүшелері аудандағы бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдениет үйлерінің жағдайымен танысты.

Отырыста осы бағытта ауданда атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловтың, ұрпақ тәрбиесі жөнінде аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Ақпанбетовтың хабарламалары тыңдалып, кеңес мүшелері тарапынан  жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныс – пікірлер айтылды.

Статистика саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл мемлекеттік статистика қызметіне 104 жыл толды. Кәсіби мереке орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, ауқымды істерді жоспарлауға елеулі үлес қосып келе жатқан партия белсенділері, статистика саласының мамандарын «AMANAT» партиясы облыстық филиалы атынан Алғыс хатпен марапаттады.

  Тұрғындар орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылдың қазан айында өңірімізге жасаған жұмыс сапарында қала дамуына оң бағасын беріп, бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Соның бірі қаланы ыстық сумен қамтамасыз ету. Бұл бағытта қалада ауқымды жұмыстар қолға алынып, алғашқы көпқабатты тұрғын үй тұрғындары ыстық сумен қамтылып отыр.

Бүгін осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері бағамдап қайтты.

 Мониторинг жұмысына партияның облыстық филиалы төрағасы Алмасбек Есмаханов, тапсырыс беруші және мердігер мекеме басшылары мен жауапты сала мамандары қатысты.

Белсенді студенттер марапатталды

Партиның облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты 17-қараша – Халықаралық студенттер күніне орай салтанатты жиын өткізіп, белсенді жастардың басын қосты. 

Шараға арнайы партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысып, студент жастарды мерекемен құттықтады. Жиында қоғамдық шараларда белсенділік танытқан 60 білім алушы облыстық, қалалық партия  филиалдары мен «Жастар рухы» Жастар қанаты алғыс хаттарымен марапатталды. 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Апта барысында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен Сырдария ауданында партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиында осы бағытта аудан көлемінде атқаралып жатқан жұмыстар, партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалы сараланып, аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есебі тыңдалды.

Көшпелі отырысқа Кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев, кеңес төрағасының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдігінің өкілі Дәурен Шәріпбаев, облыстық мәслихаттағы депуттық фракция мүшелері, партиялық бақылау инспекторы Базара Танбаева қатысты.

 «Қарызсыз қоғам» оқу семинарының апталық түлектеріне сертификаттар табысталды

Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қызылорда қаласы мен Арал, Сырдария, Шиелі аудандарының 236 тұрғыны қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өтіп, сертификат алды. Жалпы облыс бойынша 9 861азамат оқу курсын аяқтады. 

                   Тұрғындардың өтініш-тілектері тыңдалды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ғалия Байменова,  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қызылорда қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасы бастығының орынбасары Марат Сарманов,  Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Мақсұт Нәлібаев, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Оралбек Омаров  сонымен қатар, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Айгүл Шегирова тақырыптық қабылдауы өткізді.

Қабылдаулар барысында тұрғындардан 21 өтініш түсіп, олардың  12 оң шешілді. 9 мәселе бойынша заңнамалық кеңес берілді.

Аумақтық филиалдар тынысы

Бейсенбі күні партияның Қызылорда қалалық филиалымен «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, «Тұңғыш Президент саябағына» тазалық жұмыстары жүргізілді. Онда қураған жапырақтар мен талдар жиналып, саябақтың ішкі жолдары тазартылды.

Тазалық жұмыстарына депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымының өкілдері және «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Партияның Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, партиялық бақылау комиссиясы мен аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Тартоғай және Алмалы ауылдық округтерінде құрылысы жүріп жатқан дәрігерлік амбулаторияларға бақылау бекеттерін орнатты.

Партияның Жаңақорған аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мен партиялық бақылау комиссиясының отырыстары өтіп, онда Сайлауалды бағдарламаның ауданда орындалуы бойынша аудан әкімі орынбасарының есебін тыңдалды.

Қазалы ауданында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері  Жанқожа батыр ауылында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынып жатқан 300 орындық «Жайлы мектеп» құрылысына мониторинг жүргізді.

Партияның Байқоңыр филиалы 15 қараша – Ұлттық валюта күні мерекесіне орай қаржы саласында қызмет жасайтын партияластарға құрмет көрсетті.

Партияның Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ұлттық валюта күніне орай ауданның мекеме қаржыгер-есепшілері арасында эстафеталық сайыс өтті.

Сайыста Ұлттық валюта – теңге күнін атап өтумен қатар, партияның Сайлауалды бағдарламасындағы бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мен қызметкерлер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мәселелері негізгі мақсат болды.

«Жастар рухы» Жастар қанаты еріктілері «Ерікті көмекке» қызу желі жобасы аясында «109» call орталығына  келіп түскен хабарлама бойынша егде жастағы ардагерге адресті көмек көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<