Апта ағымы

313

0

Фото: Аманат партиясы

(7-11 сәуір)

Ерлік – елге мұра ұрпаққа ұран

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов 7 сәуір «Ерлік күніне» орай «Тағзым» алаңында өткен Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық сарбаздарды еске алу шарасына қатысты.

Онда боздақтардың рухына құран бағышталып, ықылас гүл шоқтары қойылды. Сондай-ақ «Тағзым» алаңына ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жасалды.

Республикалық кеңесте ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін ұлғайту мәселесі талқыланды

Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясы жанындағы аграрлық сектордың мәселелері жөніндегі Республикалық кеңес отырысы өтті.

Онда өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін ұлғайту, жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту мәселелері талқыланады.

Жиынға ZOOM конференция партияның өңірлік филиалдарының төрағалары, филиалдар жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Атап өтейік, облыста өндірілетін негізгі дақыл – күрішті халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өңдеу мәселесі жолға қойылған. Бүгінгі күні облыста 47 күріш ақтау зауыты, 8 ет өңдеу объектілері, 6 шағын сүт өңдеу цехы және 1 сүт зауыты, 7 балық өңдеу кәсіпорыны жұмыс жасайды.

Биыл өңдеу саласы бойынша жалпы құны 4,6 млрд.теңгені құрайтын – 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

«Жеңіс» зымыраны ұшырылды

Апта барысында Сыр өңіріне жұмыс сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановпен бірге Байқоңыр ғарыш айлағында болып, «Байқоңыр» ғарыш айлағы тарихи мұражайымен танысып, Ю.А.Гагарин мен С.П.Королевтың үйлерін, «Буран» орбиталық кемесін көрді. Мұндағы мамандармен сұхбаттасып, мәселелерін тыңдады.

Сонымен қатар жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ұшырылған  «Союз МС-27» жеңіс зымыранының ұшырылуына куә болды. 

Көпбейінді аурухана құрылысына мониторинг жүргізілді

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауында салынып жатқан 300 төсек орындық көпбейінді аурухананың құрылысына мониторинг жүргізді.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Қазір нысанда 10 блок бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қабырғалар мен бағандар орнатылып, іргетастар мен бетондау жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Нысан 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлап отыр.

Жастар өндіріс орны жұмысымен танысты

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында партияның «Жастар рухы» жастар қанаты «Әділет» өндіріс орнына экскурсия жасап, ондағы наубайхана, сабын мен кір жууға арналған ұнтақ шығару жұмыстарымен танысып, жұмысшы сала мамандарымен пікірлесті.

Кездесуге  «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, кәсіпорында адал қызмет етіп, еңбегімен жастарға үлгі болып жүрген жұмысшы сала мамандарына өз алғысын білдірді.

Кәсіпорын қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға еліміздегі өндіріс саласының маңыздылығы туралы ақпараттар берді.

Азаматтар өтініштері тыңдалып, көмек көрсетілді

Жұмыс аптасында партия алаңында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиев қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауларға  12  азамат өтіншіпен келіп, 4 мәселе оң шешімін тапты. 8 азаматтың өтінішіне сай заңнамалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ардагерлер – асыл қазынамыз

«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастырумен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлерімен кездесу өтті.

Отты жылдардағы еңбек ардагерлерінің ерен еңбегін кейінгі ұрпаққа насихаттау, оларды құрметтеу, Ұлы Отан соғысында құрбан болған ардагерлердің рухына тағзым ету, есімдерін ел жадына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шараға партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, БАҚ өкілдері және «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында тыл ардагерлері Мұхамедияр Сейтов, Киікбай Смайылұлы, Манат Мыханова өз өмір жолдарын, соғыс жылдарында жас болса да үлкендермен бірге тылдағы жанқиярлық еңбектері жөнінде әңгімелеп берді.

Кездесу соңында партия филиалының атынан тыл ардагерлеріне сый-сияпат жасалып, құрмет көрсетілді.

Саябаққа тазалық жасалып, ағаш егілді

Еліміздің барлық өңірінде жүзеге асып келе жатқан «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы аясында партияның Арал аудандық филиалы вокзал маңындағы саябаққа тазалық жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды.

Игі іске аудандық мәслихат депутаттары және партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар үлес қосты.

Таза қала – таза қоғам

 «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық және қалалық филиалының ұжымы, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында ұйымдастырылған жалпы облыстық сенбілікке қатысты.

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінінің ауласында ұйымдастырылған сенбілікте арықтар тазартылып, қураған жапырақтар, қоқыстар шығарылды.