Апта ағымы

374

0

Фото: ашық дереккөз

«Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды

Партия алыңында «Құқықтық көмек» жоба аясында тақырыптық қабылдау ұйымдастырылып, облыстық кірістер департаменті өкілдерімен азаматтарға жалпыға бірдей декларациялаудың міндеттілігі мен тапсыру кезеңдері және Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оларды толғандырған сауалдарға жауап берілді.

 Өткен жылы «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 134 қабылдау өткізіліп, 367 мәселе қаралды. 244 тұрғынға құқықтық кеңес берілсе, 104 тұрғынның құқығын қорғау бойынша сүйемелдеу шаралары жүргізілді.

Әлеуметтік нысандар құрылысына партиялық бақылау жасалды

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы және комиссия мүшелері өңірлік Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысы жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Партиялық бақылау тобы мүшелері құрылыс сапасына қатысты пікрлерін білдіріп, мердігерлер ұсыныстарын тыңдады. Айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті сала өкілдерімен жұмыс жасалатын болды.

«Таза бейсенбі»: Шіркейлі арнасының жағасына тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіру мақсатында қолға алынған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары қала маңындағы Шіркейлі арнасының бойында жалғасты. Тазалық жұмыстарына партияның облыстық, қалалық филиалының ұжымы, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен еріктілері, партия белсенділері үлес қосты.

Акция аясында тазалық жұмыстары бүгін партияның Байқоңыр және Қармақшы аумақтық филиалдарымен де жүргізілді.

Әскерилер қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өтті

Жұмыс аптасында партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 100 – ден астам әскери қызметші қаржылық сауаттылықты арттыру курсын өтті.

Шараға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, жобаның облыс бойынша менеджері Наталья Мишукова қатысып, жобаның мақсатын баяндап, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Қос ауылда мобильді қоғамдық қабылдау өтті

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының  Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова бастаған мобильді қабылдау тобы Жаңақорған ауданына қарасты Сунақата, Қожамберді елдімекендерінде болып, жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелерін тыңдады.

Қос ауылда өткен мобильді қабылдау барысында тұрғындардан 24 өтініш түсіп, олардың 3-і оң шешілді. Өзге де өтініштер бойынша заңнамалық кеңестер беріліп, жұмыс жасауға партиялық бақылауға алынды.

Азаматтар өтініші оң шешілді

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы Нұржан Өмірсерікұлы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері  Алмас Рахметов пен Бақдәулет Махашов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов және партияның Шиелі аудандық филиалында аудан әкімі Нұржан Ахатов, Жаңақорған аудандық партия филиалы алаңында аудан әкімі Мажит Самитов, партияның Арал аудандық филиалы алаңында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев және «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында партияның  облыстық филиалының заңгері Сәбитбек Алшынбеков қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады. Қабылдаулар барысында тұрғындардан 21 өтініш түсіп, олардың 10-ы оң шешілді. 11 өтініш бойынша жұмыс жасалуда.

Аумақтық партия филиалдары тынысы

Партияның Арал аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, онда партия атынан сайланған Қосжар ауылдық округінің әкімі М.Әбдікеров пен  Райым ауылдық округінің әкімі Р.Қарауымбетовтың сайлауалды есебі тындалды.

Партияның Қазалы аудандық филиалы жанындағы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Алқалы жиында 14 шілде күні өтетін Әйтеке би кенті әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидатты келісу, аудандық филиалдың кезектен тыс XLVII (47) конференциясын шақыру және конференцияның күн тәртібін бекіту мәселелері қаралса, партия филиалының кезектен тыс XLVII (47) конференциясында Әйтеке би кенті әкімінің сайлауына кандидат ретінде Әбиев Әліби Берікұлының кандидатурасы делегаттар тарапынан қолдау тапты.

Қазалы және Қармақшы аудандық партия филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссияларымен жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жүргізілді.

Партияның Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан әкімі Мажит Самитовпен бірге Сайлауалды бағдарлама аясында Саяжай ықшам ауданындағы 600 орындық мектеп құрылысына мониторинг жүргізді.

Жалпы жұмыс аптасында облыс көлемінде партияның аймақтық және аумақтық филиалдары, «Жастар Рухы» жастар қанатымен  партиялық жобалар және түрлі бағыттағы  жоспарлы 24 шара өткізіліп, 845 адам қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<