Апта ағымы

197

0

(26-29 тамыз)

Мәжіліс депутаты жұмыс сапармен Қазалы, Арал аудандарында болды

Жұмыс аптасында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қазалы және Арал аудандарында болды. Қазалыдағы іс – сапар барысында партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалуына бақылау жасап, кәсіпкерлік нысандарды көрді. Елді мекендерде болып, жергілікті шаруалармен кездесті.
Арал ауданында Ақлақ су тоспасы жағдайын көріп, Аманөткел ауылында бой көтеретін 150 орындық ауыл клубының жобасымен танысты.

Мектеп асханаларында ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесі Партиялық бақылау Комитетінің отырысында талқыланды

Апта барысында «AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық бақылау Комитетінің отырысы өтіп, онда орталық және жергілікті атқарушы органдарда қызмет жасайтын партия мүшелерінің мектеп асханаларында ыстық тамақты ұйымдастыру бағытында атқарған жұмыстары талқыланды.
Отырысқа өңірден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов және партияның облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Базара Танбаева қатысты.
Өңірдегі бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов есеп берді.

Партия филиалының төрағасы Жалағаш ауданында іс-сапарда болды
Апта барысында партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Жалағаш ауданында жұмыс сапарында болып, аудан әкімі Ардақ Ибраимов кездесті. Кездесуде партияның «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалуын талқылады.
Партияның аудандық филиалына қарасты «Дарын» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты. «Баланы мектепке даярлайық!» акциясына қатысып, 10 оқушыға оқу жылына қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табыстады. Партия активімен бас қосып, алдағы міндеттерді пысықтады. Партия қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табыстады.
Мұнан әрі «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алып кәсіп бастаған азаматтармен кездесті. Қаракеткен ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы, Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ұлттық спорт ойындарын дамыту мен мәдени нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен азаматтық қоғам мен мәдениетті дамытуға бағытталған «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтіп, онда өңірдегі мәдени нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мен ұлттық спорт ойындарын дамыту мәселелері талқыланды.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтау жұмыстарына зерделеу жасалды
Партияның облыстық филиалы төрағасы Алмасбек Есмаханов пен филиал жанындағы Өңірлік даму жөніндегі кеңес мүшелері Шұғыла мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан ыстық су жүйесіне мониторинг жүргізді.
Зерделеу барысында өжіредегі жұмыстардың толық аяқталғандығы анықталды. Қазір пәтер ішіне кіргізу жұмыстары жүріп жатыр. Мониторингтік топ өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс – пікірлерін де тыңдады. Тапсырыс берушілер мен мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы алдағы жылу беру маусымына дейін аяқтауды қатаң тапсырды.
Атап өтейік, жұмыстар екі кезеңмен іске асыру жоспарланып, бірінші кезеңге ағымдағы жылға 187 көпқабатты тұрғын үй қаралған.

Фракция мүшесі 20 оқушыға сертификат табыстады

«AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық!» акциясына партия белсенділері де үлес қосуда. Апта барысында облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі, филиал жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша аймақтық кеңес төрағасы Бақдаулет Махашов өз қаражаты есебінен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан 20 балаға мектепке қажетті оқу құралдарын алу үшін 15000 тг тұратын арнайы сертификат табыстады.

Конституция күні мерекесі қарсаңында партия қатары жаңа мүшелермен толығып, белсенділер марапатталды

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен Конституция күні мерекесіне орай партия алаңында салтанатты шара өтті.
Шарада партия қатары 15 жаңа мүшемен толығып, 14 партия белсендісі мен жақтасы алғыс хатпен марапатталды.

Акция аясында балғындарға қолдау көрсетілді

Партияның облыстық филиалы «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында 25 оқушыға мектеп құралдары салынған сөмкелер табыстады.
«Бақытты отбасы» партиялық жоба аясындағы акция 15 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Биыл партияның облыстық филиалымен облыс бойынша 1000-нан аса баланы қамту жоспарланып, бүйінге дейін 400 балаға 3 милионға жуық қаржы жұмсалды. Партия белсенділерінің қолдауымен 1400 балаға мектепке қажетті құрал жабдықтары табысталды.

Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы сараланды

Ағымдағы жылдың 7 айында «AMANAT» партияcының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 75 мың өтініш түсіп, 58%-ы оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, 312 елдімекенде 257 мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 2,5 мың өтініш қаралған. Бұл туралы партияның аймақтық филиалдары қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы бойынша жиын өткізген республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхамед Жұмабек атап өтті.
Қоғамдық қабылдау бөлмелері алдында тұрған міндеттер сараланған жиынға ZOOM платформасы арқылы партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов қатысты.

Атқарушы хатшы бастауыш ұйымдардағы қыз келіншектермен кездесті
Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова бастауыш партия ұйымдарындағы қыз келіншектермен бас қосып, партияның «Tomiris» жобасы, партия жанындағы әйелдер қанатының жұмыс бағыттары бойынша пікір алмасты.

Білім беру ұйымдарындағы кадрлық қажеттілік мәселесі талқыланды

Аптада «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтіп, онда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы кадрлық қажеттілік мәселелері талқыланды.
Жиынға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Есенбаев қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтіп, онда жемқорлық фактілері, соның ішінде партия мүшелерінің өз бизнесіне қолдау көрсетуді мемлекеттік қызметімен заңсыз үйлестіруі бойынша оларды отставкаға жіберу, лауазымынан босату, депутаттық өкілеттіктерін тоқтату, партиядан шығару туралы мәселелер қаралды.

«Қарызсыз қоғам»: жоғары оқу орындары оқытушылары қаржылық сауаттылық курсынан өтті

Апта барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Болашақ және Ашық университетінің бірқатар оқытушылары Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы 3 күндік арнайы оқу семинарына қатысты.
Атап өту керек, бұған дейін облыстағы мектептер үшін 270, колледжедер үшін 30 мұғалім мен білім бөлімдерінің 8 әдіскері арнайы курстардан өтіп, сертификаттар алған болатын. Енді оқу семинарын табысты аяқтаған оқытушылар колледждер мен мектептерде оқушыларды оқытатын болады. Бұл үшін жоба аясында жаңа оқу жылынан бастап, арнайы пәндер енгізіліп отыр.

Тұрғындар өтініші тыңдалды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Аида Абибуллаева қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындардан 4 өтініш түсіп, олардың 1 оң шешілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<