ФИЛИАЛДАР ЖҰМЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаментінің инспекторы Еркін Дәрібаев Сыр өңірінде іссапармен болып, Қызылорда қаласы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген бірнеше құрылыс нысандарына барды.
Мұнан бөлек филиалдар жұмысымен және бастауыш партия ұйымдарының есепті кезеңде атқарған шараларымен танысты. Алдағы жоспарларды пысықтап, әдістемелік бағыт-бағдар көрсетті.
КОНФЕРЕНЦИЯДА КАНДИДАТТАР ҰСЫНЫЛДЫ
Апта басынан бері «AMANAT» партиясының облыстық филиалына қарасты Шиелі, Сырдария аудандық филиалдарында бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары, саяси кеңес бюросының отырыстары ұйымдастырылып, кезектен тыс конференциялар өтті. Оған облыстық филиал төрағасы Наурызбай Байқадамов қатысты.
Кезектен тыс конференцияда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының аудандар бойынша орындалуы барысы жайлы аудан әкімдерінің есебі тыңдалып, партия атынан аудан әкімі лауазымына кандидатура ұсыну туралы мәселелер қаралды.
Жиындарда Сырдария және Шиелі ауданы әкімдері лауазымына партия атынан үш үміткерден ұсынылып, олардың арасынан конференция шешімімен бір кандидаттан таңдалды. Нәтижесінде Сырдария ауданы әкімінің лауазымына Берік Сәрменбаевтың, Шиелі ауданы әкімі лауазымына Нұржан Ахатовтың кандидатурасын конференция делегаттары бір ауыздан қолдады.
«ЖЕР АМАНАТЫ» ҚАРМАҚШЫДА
«Жер аманаты» аймақтық комиссияның көшпелі отырысы Қармақшы ауданында өтіп, онда жобаның іске асырылуы мен жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдары талқыланды.
Облыс бойынша 200 мың гектар жердің бүгінгі күнге 175 202 гектары қайтарылып, жоспар 87,6% орындалды. Оның ішінде Қармақшы ауданы бойынша жоспар 61,4% атқарылған.
Көшпелі отырыста облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, оны әділ және ашық түрде қайта үйлестіру, жер дауларының шешілуіне үлес қосу, оны пайдалану мен бақылау жайында айтты. Атқарылған жұмыстарды қоғамға ашық жариялау бойынша ұсынысын жеткізіп, ел аумағында өзекті болып отырған мәселеге қатысты бұл жұмыстар күшеймесе бәсеңдемейтіндігін атап өтті.
«MIRAS» КЕҢЕСІНІҢ БАСҚОСУЫ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесі отырысы өтті.
Жиынға облыстық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, аймақтық кеңес төрағасы Баймырза Қожамберлиев және кеңес мүшелері мен аймақтағы кітапхана меңгерушілері қатысты.
Отырыста аймақтағы кітапханалардың жай-күйі қаралып, «Кітап-AMANAT» жобасы кеңінен таныстырылды.
Қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, республикалық кеңеске және жергілікті атқарушы органдардың назарына ұсынылады.
БІРЛЕСКЕН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС
Шиелі ауданында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен көшпелі отырысы өтті.
Жиынға комиссия төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев және жауапты сала басшылары қатысты.
Күн тәртібінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысы саласындағы жобаларды іске асыру жөнінде, Шиелі және Жаңақорған аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жайы талқыланды.
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ
Жұмыс аптасында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері М.Нәлібаев, Қ.Нұрсейтов, М.Ералиев партияның облыстық филиалында тұрғындарды жеке қабылдау өткізсе, фракция жетекшісі А.Оңғарбаев Шиелі аудандық партия филиалында көшпелі қабылдау жасады. Мұнан бөлек Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Е.Жалғасбаев партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Қабылдауға келген азаматтарға заң аясында кеңес беріліп, кейбір тұрғындардың тұрмыс ахуалына байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сондай-ақ «Құқықтық көмек» жобасы аясында «Бітім» медиация орталығының кәсіби медиаторы Қыдырбек Рашов тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті.
Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында партиялық жобалар, партиялық бақылау, және т.б. түрлі форматтағы қоғамдық-саяси 81 іс-шара ұйымдастырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<