Апта ағымында

522

0

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылорда қалалық автобус паркі 50 заманауи үлгіде жасақталған қоғамдық көлікпен толықты.
Салтанатты шарада аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қала халқын қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа қоғамдық көліктердің кілтін табыстады.
Сондай-ақ іс-шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов және зиялы қауым өкілдері қатысып, бұл қызылордалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында аймақ басшысының тікелей қолдауымен жыл соңына дейін 150 қоғамдық көлік ел игілігіне берілу жоспарланған болса, оның ішінде 50 кілт бүгін табысталды.

ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы мен комиссия мүшелері, облыстық және қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Қызылорда стансасындағы теміржол астынан өтетін су құбырының қайта жаңғырту жұмыстарына мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында Партиялық бақылау комиссия тарапынан халыққа сапалы және тұрақты ауыз су жеткізу үшін су құбырларының тозуы деңгейін төмендету мен авариялық мәселелердің алдын алу мақсатында мемлекеттік бюджеттен және «Қазақстан теміржолы»АҚ-на қосымша қаржы бөлуге қатысты нақты ұсыныстар жолданатын болды. Сонымен қатар мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақыты аяқтау қатаң тапсырылды.
Зерделеу жұмыстары барысында партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан келіп түскен өтініштер бойынша да «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС-і басшылығына сауалдар қойылып, нақты жауаптар алынды.

АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕС МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері Сайлауалды бағдарламаның Жол картасында көрсетілген мемлекет тарапынан мал басын көбейтуге және оны асылдандыру мен өнімін ұлғайту бағытында атқарылатын жұмыстарға партиялық бақылау жасау шарасы бойынша мониторинг жүргізді.
Кеңес төрағасы Бақдаулет Махашов бастаған топ 2004 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан «Абай» шаруа қожалығында болды.
Зерделеу жұмыстары барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қайратбек Сәрсенбаев жол картасының 22-інші бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Партияның облыстық филиалында «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті.
Қабылдауды «Еңбек мобильділігі орталығы» ҚММ-нің басшысының орынбасары Ахметова Ақерке Жалғасбекқызы жүргізді.
Тақырыптық қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналасу және еңбек заңнамасы аясындағы заң бұзушылықтар жайлы мәселелер көтерді.
Азаматтардың өтініш-тілектері тыңдалып, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша «Еңбек мобильділігі орталығына» өтініш жолдау керектігі түсіндірілді. Одан бөлек, еңбек тәртібіндегі заң бұзушылықтар бойынша Еңбек Кодексіне сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалына қарасты аумақтық филиалдар жанынан құрылған мониторингтік топ сауда орындары мен дәріханаларда және жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығы мен қамтылуына бақылау жүргізді.
Мониторинг жүргізу барысында кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын шекті бағадан асырмау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ дәріханаларда тұрғындар жиі тұтынатын дәрі-дәрмектер бағасы тұрақты әрі қоры жеткілікті екені, жанармай бекеттерінде баға қалыпты және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы анықталды.

ЖАСТАР РУХЫ: ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ, БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жұмыс аптасында білім алушыларға буллинг және кибербуллинг туралы мәліметтер беру, олардың белгілері, адам өмірінде орын алатын салдары мен көрсетілетін көмектер туралы түсіндіру мақсатында «Болашақ» университетінде «Қауіпсіз интернет, буллинг және кибербуллинг» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті.
Шараға «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының психологі Жұмакүл Баянова, «AMANАT» партиясы облыстық филиалының жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әсетхан Баймұрза, «Vertex» ІТ мектебінің директоры Әлкеей Ақылбекұлы, университет және колледж студенттері қатысты.

«ҚАУІПСІЗ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен қауіп тудыратын ашық тұрған люктер, аула алаңдары мен жарықтануын, трансформаторларды тексеру, су айдындарындағы қауіпсіздік және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта жүруіне рейд жұмыстарын жүргізу мақсатында мониторинг өтті.
Жеңіс және Текей батыр көшелері бойына мониторинг жасалып, қауіпті жағдайдағы 4 люк анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша ұсыным тиісті органдарға жолданатын болады.

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Апта барысында партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев және фракция мүшесі Жорабек Нұрымбетов тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ фракция мүшесі Нұрболат Ибраев партияның Байқоңыр филиалында көшпелі қабылдау жасады. Мұнан бөлек ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев, облыстың бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев азаматтардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кеңестер берді.

Мұнан бөлек қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Отбасы банк» АҚ Қызылорда филиалының қызметкері Ғалым Әділ қатысуымен тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды.
Қабылдауда қала тұрғыны банк арқылы ипотекалық несие рәсімдеу барысындағы қиыншылықтарды оңтайлы шешу бойынша кеңес сұрады. Нәтижесінде, азаматтың құжаттары зерттеліп, партия алаңында көтерілген аталмыш мәселе оң шешіліп, өтініш иесінің несие рәсімдеуге толықтай мүмкіндігі бар екендігі түсіндірілді. Алдағы уақытта, банк филиалына жолығып, тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар, партиялық бақылау, және т.б. түрлі форматтағы қоғамдық-саяси 71 іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<