Апта ағымында

499

0

Фото: ашық дереккөз

Су тасқынынан зардап шеккен 5 өңір тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтілді

Апта барысында облыс әкімдігі, «AMANAT» партиясы белсенділері, түрлі ұжымдар, Сыр халқының жанашыр азаматтары мен халқы «Біз біргеміз!» республикалық акциясына үлес қосып,  Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы топан су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 50 млн теңгеден  астам қаржыға 10 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жіберді.

«AMANAT»: Сайлауалды бағдарлама аясында 150 отбасы баспаналы болды

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде жыл басынан 252 отбасы баспаналы болса, апта барысында  тұрғынүймен қамтылған азаматтар саны тағы 150 отбасымен толықты.

Айта кетейік, пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және жетім балаларға берілді.

Әлеуметтік нысандардың  құрылыс сапасы партия бақылауында

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарында болып, партияның Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың жәй күйімен танысты.

Мақсат: әлеуметтік нысандар құрылысының жоспарға сай жүргізілуі мен сапасы, бөлінген қаржының мақсатты игерілуін қадағалау.

Мобильді қабылдау тобы жұмысын бастады

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің негізгі жұмысы тұрғындардың өтініштерін қараумен қатар, Партия Төрағасы алға қойған негізгі міндеттер мен ел игілігіне бағытталған жобаларды түсіндіру, насихаттау болып табылады.

Осы мақсатта партия филиалы жанындағы құрамы түрлі сала өкілдерінен жасақталған мобильді топ шалғай елді мекен тұрғындарын қабылдау жұмыстарын бастады. Топ өкілдері апта барысында Қармақшы ауданына қарасты Иіркөл және Төребай би елді мекендерінде болып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал етті.

Атап өтейік, қос ауылда өткен мобильді қабылдау барысында азаматтардан 27 өтініш түсіп, олардың 9 оң шешілді. 7 өтініш бойынша заңнамалық кеңестер берілді. 11 мәселенің шешілуі бақылауға алынды. Мұндай мобильді қабылдаулар жыл соңына дейін 14 елді мекенде жүргізілетін болады.

«Қарызсыз қоғам» жобасының аймақта жүзеге асырылуы бойынша брифинг өтті

Партия алаңында «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірде орындалуы бойынша брифинг өтті.

БАҚ өкілдеріне арналған ресми жиында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары, өңірлік жобалық топ жетешісі Алтынбек Жарылқасынов, облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының және жобалық топ жетекшісінің орынбасары Дастан Баймаханов, жобаның облыс бойынша менеджері, сертификатталған тренер, ментор Наталья Мишукова, және басқа да тренерлер мен қаржы сарапшылары партиялық жобаның маңызын, ауыл-аймақтарда өткен сабақтар барысы туралы баяндады.

Медициналық қызметтің қолжетімділігіне партиялық бақылау жасалды

Жұмыс аптасында Партиялық бақылау комиссиясы жанындағы мониторингтік топ денсаулық сақтау өкілдерімен бірге қаладағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік шартымен жұмыс жасап жатқан «Қызылорда темір жол ауруханасы» , «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС емханасы  мен  №6 емхананың №3 жалпы тәжірбиелі дәрігерлер бөлімшесі болып, олардағы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасына мониторинг жүргізді.

Зерделеу жұмыстары барысында мониторингтік топ  №6 емхананың №3 ЖТД бөлімшесі типтік емес ғимаратта жұмыс жасап жатқандығын, соынмен қатар ғимараттың жалпы ауданы 2168,8 м/кв болғанымен, оның 3/1 бөлігі пайдаланылмай отырғандығын анықтады. Сондай-ақ аумақтағы 14 мыңнан астам халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған ғимаратқа күрделі жөндеу қажеттігін анықтады.

«AMANAT»: Ыстық тамақпен қамтамасыз етуді үйлестіруге арналған оқу өтті

Апта барысында  партияның облыстық филиалында жалпы білім беру мекемелерінде білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді үйлестіру сапасын тиісті деңгейде ұйымдастыруға арналған оқу семинары өтті.

Онда бала құқығы және тағам сапасы, бракераждық комиссия қызметін ұйымдастыру, бас тарту журналдарын жүргізу, Білім және ғылым министрлігінің № 598 бұйрығының талаптары және оның жиі кездесетін бұзушылықтары, сонымен қатар оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың рұқсат етілген шарттары туралы түрлі мамандармен жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау – басты парыз

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Осы мақсатта Қызылорда облысы ТЖД арнайы семинар өтіп, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандарына ҚР азаматтық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы түсіндірілді.

Шараға партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Мақсұт Нәлібаев қатысып,осы бағытта партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.

«Ғылымдағы әйелдерді қолдау» бағыты бойынша жұмысшы топтың отырысы өтті

Апта барысында «Анаға тағзым» орталығында «Ғылымдағы әйелдер: жетістіктер, мәселелер және мүмкіндіктер» атты тақырыпта партия филиалы жанындағы әйелдер қанатының «Ғылымдағы әйелдерді қолдау» бағыты бойынша жұмысшы тобының отырысы өтті. Онда «Ғылымдағы әйел бейнесі: қазақстандық нұсқа», «Әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерінің құқықтық аспектілері», «Қазақтың философиялық дүниетанымдағы әйел болмысы» тақырыптарында баяндамалар оқылып, ортақ мәселелер талқыланды.  

Шараға «AMANAT» партиясының атынан Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева қатысып, әйелдерді ғылыми- зерттеу қызметін дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Азаматтар ұсыныстары тыңдалды

Жұмыс аптасында партия алаңында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Искендер, «Табысқа апарар жол. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» партиялық жобасы аясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Н. Өмірзақов және партияның облыстық филиалының заңгері С. Алшынбеков қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Қабылдауларға 7 азамат өтініш білдіріп, олардың 3-і оң шешімін тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<