Апта ағымында

504

0

Фото: ашық дереккөз

(14-18 ҚАЗАН)

9 АЙ ҚОРТЫНДЫЛАНДЫ

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның облыстық филиалымен 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Жалпы, партияның халық алдындағы ең басты міндеті – Сайлауалды бағдарламасының мүлтіксіз орындалуы.

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға жоспарланған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасы негізінде барлық өңірлерде бағдарламаны нақты жүзеге асырудың арнайы Жол картасы әзірленді. Жол картадағы шараларға нақты қаржы қаралды. Ағымдағы жылдың 9 айында Жол картаға енген 115 шараның 66  орындалды, 49-і орындалу үсінде.

Өңірлік Жол картадағы әрбір нысанның құрылысы партияның аймақтық және аумақтық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының бақылауында.

Комиссия мүшелері Жол картасы шеңберіндегі нысандарға бақылау жұмыстарын ұдайы жүргізе отырып, жұмыстың нақты, сапалы аяқталуын бақылау үстінде. Ағымдағы жылдың 9 айында Партиялық бақылау комиссияларының 85 отырысы өткізілді. Оның 11 отырысы аймақтық деңгейде, 74-і аумақтық филиалдардың ұйымдастыруымен өтті.

Комиссия отырыстары мен мониторинг жұмыстары барысында 414 ұсыныс әзірленіп, оның 292-сі орындалды.

Партия алаңында азаматтарды қоғамдық қабылдау жұмыстары да жан-жақты ұйымдастырылуда. 9 ай қорытындысы бойынша 1295 қоғамдық қабылдау өткізіліп, онда 3918 тұрғын қамтылған.

Бүгінгі күнге келіп түскен өтініштер саны – 4880. Соның ішінде оң шешілген өтініштер 67,6 пайыздан 72,3-ке көтеріліп отыр.

ПАРТИЯНЫҢ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ЖОБАЛЫҚ ТОП ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен жиынға жоба менторлары, банк саласының қызметкерлері және заңгерлер қатысты.

Бүгінгі таңда азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша атқарылып жатырған партиялық жобаның ауқымы кеңейіп азаматтар тарапынан сұраныс туғызуда. Дегенмен, несие борышкерлерінің саны елімізде азаймай отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтіп, оның игілігін бүкіл еліміз көруі үшін ауқымын кеңейтуді Үкіметке тапсырды.

Осы ретте «AMANAT» партиясының Орталық аппараты мен ҚР Үкіметі жобаның ауқымын кеңейту туралы тиісті органдармен арнайы Меморандум әзірледі.

Құжат аясында 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы және Микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы жобаны іске асыруға қосылды.

Аталған құжат негізінде а.ж. 5 ақпаны күні партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы еліміздің барлық аймағында бастау алды.

Жыл басынан өңірімізде қаржылық сауаттылығын арттырған адамдар саны артуда. Жоба менторлары оларға несие рәсіміне қатысты, олардың берешегін өтеу, кәсіп бастауға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Жиынға бейнебайланыс арқылы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Жаханов Бақыт Дүйсенұлы, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы және сала басшылары қатысты.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар, жайылымдық жерлерді пайдалануда заңнаманың жаңа нормаларын іске асыру, оның ішінде:

– ауыл шаруашылығы алқаптарын заңды пайдалану, сондай-ақ елді мекендер тұрғындарының малдарын жаюға арналған жайылымдық жерлердің тапшылығын жою мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бердалин Аманғали Бисенбайұлы баяндама жасады.

ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КЕСТЕГЕ САЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Искендер Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады. Ал «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұсаева Гүлшат Исақызы партия алаңында қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік қолдау шаралары, денсаулық сақтау саласы, жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасын бақылау және балалар ойын алаңдарын салу сынды тақырыптарда өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, Шиелі аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ибраев Рашид Өткелбайұлы қабылдау өткізді.

Ал Арал аудандық партия филиалында облыстық мәслихат депутаты Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы азаматтардың жеке мәселелері бойынша партия филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауда тұрғындар жылу жүргізуге, қыстық отын көмірден көмек көрсету, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өтініштерін білдірді.

АУДАННАН АҚПАРАТ

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында 16 қазан- Дүниежүзілік нан күніне орай, ұннан жасалатын тағамдардан «Нан» көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Партияның облыстық филиалында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсету бойынша «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өтті.

Қабылдауды облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Ж. Асадинұлы, департаменттің бөлім басшысы Ж.Абсат, облыстық жеке сот орындаушылар палатасының мүшесі М. Бекжанов қатысты.

БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық бақылау жөніндегі басқарманың басшысы Қалиев Ғанижан Піртазаұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар кәсіптік нысан ғимаратының құрылыс заңдылығы және сараптамадан өткен құрылыс жобасы бойынша кеңестер сұрады.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Аймағымызда Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партияның «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.

«AMANAT» партиясы Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен жұлдызды шаһардағы Абай көшесінің аумағы қоқыс пен арамшөптен тазартылды. Игі іске партия мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 30-ға жуық азамат үлес қосты.

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Партияның «Қарызсыз қоғам» жобасы аймақта қарқынды түрде жүзеге асуда. Бүгін жоба түлектеріне қаржылық сауаттылықтан өткендігін растайтын серфикаттар табысталды.
Жыл басынан бері аймақ бойынша 8977 азамат қаржылық сауаттылығын арттырды.

ҚОС АУЫЛДА МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Жалағаш ауданына қарасты Мақпалкөл және Мәдениет ауылдық округтерінде болып, халықтың толғандырған сауалдарына жауап берді.

Қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі Әмірбек Шаймағанбетов және тиісті басқарма өкілдері мен заңгерлер арнайы қатысты.

Айта кетейік, 2024 жылға мобильді қабылдау жұмыстарын аймақтың 14 елді мекенінде өткізу жоспарланып, бүгінгі таңға оның 10-ы кестеге сай жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 123 өтініш қаралып, 52-і оң шешілді. Сонымен қатар арыз-шағымның 35-іне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 36 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<