Апта ағымында

623

0

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне Сыр елінен қатысқан делегаттар түрлі сала өкілдерімен кездесулер өткізіп, қабылданған жаңа саяси тұғырнаманың  міндеттері төңірегінде ой бөлісті.

Мұндай кездесулер Қызылорда қаласында ардагерлер, білім, медицина, теміржол саласының қызметкерлерімен, Шиелі ауданында мәдениет саласы, Сырдарияда зиялы қауым өкілдерімен өтсе, ауылшаруашылық саласындағы «Жан-Арай» ЖШС және Қазалы ауданындағы «СПК Қызылорда балық» еңбек ұжымдарымен экспромт кездесулер ұйымдастырылды. Мұнан бөлек, тарихи жиын жастардың қатысуымен «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында да талқыланды.

«TALQYLAU» АЛАҢЫНДА

Облыстық филиалдың  «TALQYLAU» диалог алаңында партияның кезектен – тыс ХХІV съезінде қабылданған шешімдер талқыланды.

Оған съезд делагаттары мен Халықтық коалиция мүшелігіндегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сондай-ақ саясаткерлер мен қоғам белсенділері қатысты.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Облыстық филиал жанындағы экология жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Онда мемлекет басшысы Жолдауынан туындайтын шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігі төмендігі, инновацияның жеткіліксіздігі секілді мәселелер, сонымен қатар аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар сараланды.

«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңесте «дөңгелек үстел» өтті.

Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев облыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі» тақырыбында әңгіме өрбітті.

СТУДЕНТТЕР БЕЛСЕНДІ

Партия филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты кәсіптік және техникалық білім беретін арнаулы орта оқу орындарының белсенді студенттерімен кездесу өткізді.

Онда студенттерге ұйымның негізгі мақсаты, қызметтері мен бағыттары және алға қойған жоспарлары таныстырылды. Білім алушыларға арналған тренингтер ұйымдастырылды.

***

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, Мемлекет басшысының Жолдауы, партия съезі шешімдерін талқылау, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы 72 қоғамдық-саяси іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<