Апта ағымында

483

0

Экологиялық кеңестің кезекті отырысы

Апта барысында партия алаңында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ж.Нұрымбетов, Н.Ибраев, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы И.Аңсат, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ә.Бекішев қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдауда азаматтардан 9 өтініш түсіп, олардың 5-уі оң шешімін тапты. Сонымен қатар «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды. Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі М.Шілманова қабылдауға келген азаматтарға заңнамалық кеңес берді.

Тұрғындар тілегі  тыңдалды

Жиында Кеңес мүшелері облыс аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, сұрыптау, залалсыздандыру және жою бойынша мәселелерді талқыға салды. Бірінші кезекте уран қалдықтарының облыс тұрғындарына тигізіп жатқан зиянын зерттеуді ұсынды. Сонымен қатар тамыз айында тиісті сала өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізуге шешім қабылдады.

Тұжырымдама қызметі талқыланды

Облыстық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының өңірде жүзеге асуы қаралды.  Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жүргізілуі, туындайтын проблемалық мәселелер мен олардың шешілу жолдары да назарға алынды.

Бұған қоса, облыстық және қалалық әкімдіктерге қарасты ірі квазимемлекеттік мекемелерде құрылған комплаенс қызметтерінің жұмысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы есептерін тындау тәжірибесін кезеңімен қалыптастыру, мекемелерде құрылған комплаенс қызметтері жұмыстарының тиімділігін бақылауға алу туралы ұсыныстар айтылды. 

Шалғай ауылдарда болды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының мобильді тобы Шиелі  ауданына қарасты «Ақтоған» және «Телікөл» ауылдық округтерінде болып, азаматтарды қабылдады. Мақсат – шалғай орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету, бағыт-бағдар мен кеңес беру.

Көшпелі қабылдау барысында ауыл тұрғындарын мазалаған барлық мәселелер мобильді топ жұмысының хаттамасына енгізіліп, облыстық филиал бақылауына алынды.

 «Ауыл аманаты» – тиімді жоба

Партияның Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен  Керделі ауылдық округі тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасының мақсат-міндеттері түсіндірілді. Ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық мөлшерлемемен несие беру, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне құрал-жабдық пен техника сатып алу үшін субсидиялар қарастыру секілді «Ауыл аманаты» жобасының ұтымды тұстары кеңінен насихатталды.

Шараға  партияның аудандық филиалының төрағасы Б.Сыздық, аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің басшысы М.Әшірбеков, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысы Б.Бауыржанұлы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жауапты маманы қатысты.

Спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі артады

Облыстық филиал жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес отырысында салауатты өмір салтын қалыптастыратын іс-шараларды өткізу, балалы отбасыларды денешынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту үшін жағдай жасау, спорт кешендеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Аталған партия алдағы 5 жылда өңірімізде 12 денешынықтыру-сауықтыру кешенін қолданысқа беруге ықпал етуді мақсат еткен болатын. Осындай кешеннің бірі Жосалы кентінде пайдалануға берілді. Жақын арада «Ақай» елді мекенінде ашылатын болады.

Балаларға спорт үйірмелеріне немесе шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік жасау жағы да ескерілуде. Бұқаралық спортты дамыту бағытындағы қамтылған жұмыстар нәтижесінде халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарқыны 1000 адамға шаққанда 47,8%-ға, ал спортпен айналысатын тұрғындар үлесін 53%-ға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<