Апталық жиын ауқымы

477

0

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.

Жиында министрлер мен бірқатар өңір әкімдері аталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Үкімет басшысы сатып алу-сату кезіндегі тауарлар көлемі мен бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырып, өңірлерде құрылыс маусымын уақытылы бастау үшін тиісті жер учаскелерін алдын ала бөлу, жобалық құжаттаманы әзірлеу және қажетті инфрақұрылымды жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау бағытында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына тұрақтандыру қорының қаражатына толығымен облыстың және өзге өңірлердің тауар өндірушілерінен тікелей өніммен қамту мәселесін қолға алуды тапсырды. «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өндіруші кәсіпорындар және ауыл шаруашылығы құрылымдарымен тікелей келісім жасай отырып, сатып алынған өнімдерді әлеуметтік дүкендерден бөлек басқа да ірі сауда орталықтары арқылы сатылуын үйлестіру, тауар интервенцияларын жүргізу және дебиторлық қарыздарды өндіру жүктелді. Мұнан бөлек, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына делдалдық схемаларды қысқарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп, баға үстемесін қадағалау бойынша міндет қойылды.

Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне 2023 жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйді уақытылы аяқтап, Арал және Қазалы аудандарының орталықтарында кәріздік тазарту станцияларының құрылыс құжаттарын келісу бойынша тапсырма берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<