Аптап ыстық қайта күшеймек

524

0

Аптап ыстықтың беті қайтар емес. Сынап бағанасы 40-тан жоғары температураны көрсетіп тұр. Алдағы күндерде ауа райы қалай болады? Бұл жөнінде «Қазгидромет» облыстық филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелова бізге төмендегіше мәліметтерді ұсынды.

– Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан аз болады деп болжануда. Норма бойынша 3-8 мм болуы тиіс. Қазір облыста қатты ыстық болып тұр. Күндізгі ауа температурасы 40-44 градусты көрсетеді. Енді 27-28 шілде күндері ауа температурасы аздап төмендейді. Атап айтқанда, түнде 20-25 градусты шамаласа, күндіз 33-38 градусқа жетеді. Сондай-ақ, облыстың солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл мен екпінді жел күтілуде. Кейін ауа температурасы қайтадан жоғарылап, сынап бағанасы 44 градусқа көтеріледі, – дейді ол.

Тамыз айында орташа айлық температура норма шамасында болады. Дегенмен жауын-шашын мөлшері нормадан аз. Ал облыстың батысында жауын өз мөлшерінде жауады деген болжам бар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<