Апырмай, попкорнға да бір күн арнап қойған ба!?

2052

0

Кеше қаңтардың 21-ші жұлдызында Польшада «Әжелер күні» аталып өтетінін хабарлағанбыз. Ал келесі күн, яғни бүгін 22 қаңтарда поляктардың немере-жиендері аталарын төл мерекесімен құттықтайтын күн. Бұл күні жастар үлкендерге қонаққа барып, сыйлық жасайды. Аталар күні – әулеттің басын қосатын көңілді отырыстардың бірі. 

Кино көруге барған жасөспірімдердің кинозалға попкорнсыз кіретіндері кемде кем. Жастар түгілі мұны үлкендер де үрдіс қылып алғаны қаш-шан. Ал енді баршамыз кино көргенде жеп отырғанды жақсы көретін попкорнға да бір күн арналғанын көпшілігіміз біле бермейтініміз анық. Олай болса біле жүріңіздер, 22-ші қаңтар – попкорн күні.

Американы жаулап алуға барған еуропалықтарға 1630 жылы 22 қаңтарда үндістердің көсемі Кводекуайна бір қап попкорн сыйға берген болатын. Көп ұзамай Еуропа үшін жүгері дәнінің жоғары температурада жарылатыны жаңалық болды.

Ал 1885 жылы Чикагоның өнертапқыштары попкорн әзірлеуге арналған алғашқы машина ойлап тапты. Ал жүз жылдан соң, қысқатолқынды пешке арналған жүгері пайда болды. Бұл дақылдың отаны – Оңтүстік Америка континенті. Қазба жұмыстары кезінде шамамен 4000 жыл бұрынғы «попкорн» дәндері табылған. Соған қарап археологтар ежелгі үндіс тайпалары жүгерінің жарылатын қасиетінен сол кезде-ақ хабардар болған және күнделікті тұтынып жүрген деген пайымға келді. 

Алайда попкорн әзірлеуге жүгерінің кез келген сұрыбы жарай бермейді, тек «жарылатын» түрі ғана жарамды. Ал дақылдың қалған түрінен попкорн жасау тіпті мүмкін емес. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<