Meta төрағасы және бас директоры Марк Цукербергтің мәлімдеуінше, Байден әкімшілігі оның компаниясына қысым жасап, пандемия кезінде Сovid-19 вирусына қатысты кейбір контентке цензура қоюды талап еткен, деп хабарлайды Financial Times.
Өкілдер палатасы Заң комитетінің төрағасы Джим Джорданға жолдаған хатында Цукерберг Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды мүшелері Меta командасына Covid-19-ға қатысты кейбір материалдарды, соның ішінде әзіл мен сатираны цензуралау талабымен «бірнеше рет қысым көрсеткенін» жазды.
«Үкімет тарапынан жасалған қысым қате болды деп есептеймін және бұл туралы кесіп айтпағанымызға өкінемін. Мен кез келген әкімшіліктің қысымымен контент стандарттарымызды бұзбауымыз керек деп сенемін, егер мұндай жағдай қайталанса, біз қарсы тұруға дайынбыз», – деп жазды ол комитеттің X әлеуметтік желісінде жариялаған хатында.
Цукерберг сонымен қатар өзінің Chan Zuckerberg Initiative ұйымы арқылы сайлау инфрақұрылымын қолдауға жаңа жарна қоспайтынын растады.
«Менің мақсатым – бейтарап болу және қандай да бір рөл ойнамау немесе тіпті рөлді ойнап жатқандай әсер қалдырмау. Сондықтан мен осы сайлау цикліне үлес қосуды жоспарлап отырған жоқпын», – деп жазды Цукерберг.
Бұл Ақ үйдің ақпарат тарату ісіне ықпал етуі жөніндегі Цукерберг тарапынан жасалған күтпеген мәлімдеме болды. Сондай-ақ қарашада өтетін сайлау алдында демократтарға жасалған ескерту болатын.
«Біз қауіпті пандемиямен бетпе-бет келгенде бұл бұл әкімшілік қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігін қолдап отырды. Біздіңше, технологиялық компаниялар ақпарат тарату бойынша тәуелсіз шешім қабылдағанда ол шешімнің салдары америка халқы үшін қандай болатынын ойлану керек»,-деп мәлімдеді дүйсенбі күні Ақ үйдің өкілі.
Бұл оқиға миллиардер Илон Масктың платформалар сөз бостандығына басымдық беру керек па, әлде онлайн қауіпсіздік маңызды ма деген сауалынан кейін болып жатыр.
Осыған дейін Илон Масктің Трампты қолдауға айына 45 миллион доллар бергелі жатқанын жаздық.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<