Ақай мен Төретамға «көгілдір отын» келеді

732

0

Қармақшы ауданына жұмыс сапарында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ақай ауылдық округі мен Төретам кенті тұрғындарымен кездесіп, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады.

Онда аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Ақай ауылдық округі мен Төретам кентіндегі түйінді мәселелер мен алдағы атқарылар жұмыс жайын мәлімдеді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік саласында перспективалы жобаларды гранттық қаржыландыруға ұсыну, жол жөндеу және абаттандыру жұмыстары бар. Сондай-ақ, Төретам кентіндегі денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы, стритбол және жаттығу алаңы салынып, пайдалануға берілгенін жеткізді.

Ақай мен Төретамға «көгілдір отын» келеді

Аймақ басшысы елді мекен тұрғындары үшін аса маңызды газдандыру мәселесіне қатысты ауыл халқын ақжолтай жаңалықпен қуантты.

– Елді мекендерді аралау арқылы халықтың ұсыныс-пікірлері негізінде әлеуметтік мәселелерді саралап келемін. Ақай мен Төретамда, Байқоңыр қаласында көптеген жұмыстар іске асты. Жаңа 1200 орындық мектеп, жаңа аурухана салынды. Байқоңыр қаласының су жүйелерін жаңартуға 12 млрд теңгеге жоба жасадық. Көпқабатты тұрғын үйлер де салынуда. Бүгін бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысын бағамдап қайттық.

Сіздердің көкейде жүрген сұрақтарыңыздың бірі газдандыру екенін білемін. Сала мамандарының табанды еңбегі мен сенаторлардың қолдауы негізінде Төретам және Ақай елді мекеніне газ тарту жұмыстарын бастауға қажетті қаражат бөлінді. Қазіргі таңда конкурс жүргізілуде. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін, көп ұзамай жұмыс басталмақ,– деді облыс әкімі.

Жиын соңында ардагерлер Жақсылық Қыпшақбайұлы мен Смағұл Аралбаев сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<