Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде балалардың өнерін шыңдайтын әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Оның ішінде, әрине, белгілі хореограф Ақмарал Мұсағалиқызы жетекшілік ететін«AQMARAL» би студиясының орыны бөлек.
Маусымның 17 жұлдызында қалалық мәдени және демалыс паркінде талантты балаларды шыңдап, қиялына қанат бітіріп, үлкен өнерге жол көрсетіп келе жатқан «AQMARAL» балалар би студиясының жылдық есепті концерті өтті.
Түрлі жанр мен көптеген ұлттардың халық билерін қамтыған есепті концертте мәдениет үйі жанынан құрылған «Арайлы» би тобы және «Сыр сандуғаштары» ән үйірмесінің Д.Орынбай, С.Сарманбек, С.Қаһарман сынды жас жұлдыздары да өнер көрсетіп көпшіліктің ықыласына бөленді.
Концерттің соңында «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК директоры Э.Қанатбаева өнерлі өрендердің барлығына арнайы алғыс хат тапсырып, жарқын болашақ тіледі.
Қанатын кеңге жайып, жыл өткен сайын жаңа репертуарлармен қоржынын толықтырып, өз өнерлерімен жұртшылықты қуантып жүрген би ұжымының алар асуы әлі алда деп есептейміз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<