«Ақмешіт тәттісі» цехында тәулігіне 100 келі кәмпит дайындалады

463

0

Еліміздегі отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету мәселесі үнемі назарда. Өзімізде шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, соған сай тұтынушылар назарын барынша отандық өнімге бұру, Қазақстанда жасалған бұйымдар, құрал-жабдықтар, азық-түлік тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында елімізде түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Орасан зор экономикалық әлеуетінің арқасында өңірімізде жыл сайын ірілі-ұсақты бірнеше кәсіпорындар ашылып, зауыт-фабрикалар іске қосылып жатыр.

Солардың бірі – Қызылорда облысының бренд өнімдерінің қатарына қосылған «Ақмешіт тәттісі» кәмпиттерін шығаратын кәсіпорын. Цехта тәулігіне 100 келі кәмпит дайындалады.

Кәсіп иесі Зәуре Ахметованың айтуынша, қазіргі таңда кәмпиттің апельсин, pоkс, барбарuс, coлoмкa, лuмон, дюшеc секілді түpлерi шығарылады. «Ақмешіт тәттісі» кәмпиті өз облысымызда ғана емес, өзге өңірлерде де сатылады.

– Бұл кәсіпті 2021 жылы бастағанда кәмпиттің 2-3 түрін ғана өндіретін едік. Кәмпит шығарудың өз қиындығы бар. Қоспаларының мөлшерін білуің керек, брендке айналған өнімнің өз дәмін беруің керек. Әрине соған арналған құралдарымыз, маманданған кондитерлеріміз бар. Бұл жобаны бастау үшін біз «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығына» жүгіндік. 10 млн теңге көлемінде несие қаражатына «Ақмешіт тәттісі» өнімдері ерекше және бірегей жарқын түрдегі жаңа қаптамамен шығарылатын болды. Болашақта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отырмыз, – дейді кәсіпкер.

Қазіргі таңда, цехта өндірілген өнімдері барлық аудандарда сатылуда. Жеке кәсіпкер өндірілетін өнім түрін кеңейтіп, тағы түрлі тәттілерді өндіріске қосуды жоспарлап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<