Ақмола облысында асырап алған баласын өлтіріп, денесін ауласына көмген әйел 21 жылға сотталды

118

0

Фото: Н.Нұржаубай

Ақмола облысында 2 жастағы асыранды баласын өлтіріп, денесін ауласына көміп тастаған зейнеткер әйел 21 жылға сотталды деп хабарлайды Syrboyi.kz  сайты «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

 Ал оның 30 жастағы қызы кәмелетке толмаған баланы азаптағаны үшін айыпталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жантүршігерлік қылмыс Щучье қаласында осыдан 5 жыл бұрын болған. Алайда тек өткен жылы аяқасты әшкере болды. Олар қамқорлығына алған 5 баланың бірі басы жарылып ауруханаға түскенде оның куәлігінің орнына қайтыс болған баланікін берген. Осыдан кейін полиция отбасын тексере бастайды. Күдіктілер өткен жылдың сәуір айынан тергеу аяқталғанға дейін қамауда болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<