«Ақша табудың амалы»: Кәмшат Жолдыбаева қыз-келіншектермен кездесу өткізіп, сынға қалды

411

0

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева сахнадан кетіп, семинар өткізіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі тұрмысқа шыққаннан кейін, көп көзіне түспей жүр. Жақында екінші мамандық алып, қыз-келіншектерге дәріс оқитынын айтқан еді. 

“Аллаһтың қалауымен, Астанада ең алғашқы семинар, рухани кездесуім өтті. Осы күнге дейін керемет ұстаздарымнан алған білімді бөліскім келіп жүр еді. Бүгін сәті түсті. Сұрақтарға жауап беру, өзекті мәселелерді талқылау сияқты еркін атмосферада өткен әдемі кездесу болды. Астана аруларының ықыласы ауа райының суықтығын білдірген жоқ. Бұл қадам қызметімді одан әрі жалғастыруыма ниеттендірді”, – деп жазды әнші.

Әншінің тыңдарманы мен желі қолданушылары өнер иесін сынап жатыр. Бірі сахнаға қайта оралуын тілесе, енді бірі актрисалық қабілетінің ерекше екенін жазып жатыр. 

“Барлығы бірдеңе үйрететін болып кетіпті”, “Осылар-ақ жинала береді екен”, “Машалла-машалла” деп Алланың атын жамылып, не айтып жатқанын кім білсін?!”, “Ақша табудың амалы”, “Аяғын аспанға көтеріп ән айтып жүруші еді. Сол әншілігің жақсы еді”, “Имандылыққа бет бұрғаның дұрыс болды”, “Шәкірттерің көбейе берсін!”, – де пжазып жатыр оқырман қауым.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<