Ақтөбеде қар жауып, Самара – Шымкент тасжолында бірнеше жүк көлігі тұрып қалды

546

0

Ақтөбеде қар жауып тұр. Самара – Шымкент тасжолында бірнеше жүк көлігі тоқтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Самара – Шымкент тасжолының 834-і шақырымында бірнеше жүк көлігі тоқтап қалды. Салдарынан көлік кептелісі пайда болды. Арнайы қызмет жолға құм шашты. «Ақтөбе облысының полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жолдарда аса мұқият болуға шақырады. Қар жауды, демек жолда қауіп күшейе түседі. Жүргізушілерге жылдамдықты алдын ала төмендету, қозғалыстың қауіпсіз режимін таңдау маңызды.

Ауа райы жағдайлары мен жүріс бөлігінің жай-күйін ескере отырып, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде аса мұқият болуы тиіс»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<